«АЛЖИР» мемориалды музейінің экспозициялық кешені
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-221Abstract
Бұл мақалада саяси құғын-сүргін құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешенінің экспозициялық құрылымы мен мұражайдың құрылу мен даму тарихы сипатталған. 1937 жылы 3 желтоқсан «26-нүкте» еңбек кентінің қалыптасып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің бұйрығымен 2007 жылдың 31 мамырда мұражайдың ашылуы уақыт аралығын қамтиды. Автор, 1930-50-шы жылдары мемлекеттік машинаның ең маңызды құрамдас бөлігі еңбек лагерлерінің күшейуі мен құлдырау тарихы, оның саяси-әкімшілік және экономикалық рөліне арналған экспозицияның ерекшеліктерін сипаттаған. Автор, әр композицияға ерекше назар аударған. Әсіресе, белгілі қазақстандық сәулетші әрі дизайнер Сәкен Нарыновтың «Қайғы Aркасы» композициясына ерекше көңіл бөлген. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді.