TYPES AND MEANINGS OF KAZAKH TRADITIONAL JEWELLERY
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-218Abstract
Мақалада қазақ халқының зергерлік бұйымдарының түрлері мен мән-мағынасы сарапталады. Әсіресе қазақ қыз – келіншектерін ажарландыра түсетін әртүрлі әшекей бұйымдарының түрлеріне сипаттама берілген. Мысалы, шашқа тағатын шолпы, шашбау, омырауға, мойынға тағатын алқа, өңіржиек, қолға тағатын білезік, саусаққа тағатын сақина, жүзіктердің атауларының мән-мағынасы, жасалу техникасы жан-жақты қарастырылған. Ұста ұғымына қатысты мағлұмат берілген. Адамдардың әлеуметтік статусын білдіруіне және жасалу тәсіліне, өрнектерелуіне байланысты түрлері келтірілген. Сонымен қатар зергерлік бұйымдарға қондырылатын тастардың өзіне тән қасиеті мен ерекшелігі жайлы, олардың сакральды, магиялық, қорғаныстық қызмет атқаратыны жөнінде баяндалады.