CONCEPT OF “KAZAKH YOUNG WOMEN” IN KAZAKH DASTAN AND POEMS

Authors

  • G. Kanashayeva KazNU

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-217
        85 87

Abstract

Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе болғандықтан, олар лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы «тіл мен мәдениет» сабақтастығымен сипатталады. Бұл маңызды тұжырымды таратып айтар болсақ, қоғамдық фактордың мәдени тұғырға көтерілуіне оның қоғамда қандай әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор. Ал, оның іске асуындағы тілдің коммуникативтік қызметін танытуда халықтың тіл байлығын өзіндік болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, (мысалы, тілдік деректерді «қазақ қызы» концептісіне қатысты зерттеудің мәні ерекше. Себебі, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілдегі жай ғана таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үрдісі нәтижесінде туған бейнесі, яғни «дүниенің тілдік бейнесі». Мақаланың мақсаты қазақ жыр-дастандарындағы қазақ қызы, қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, «қазақ қызы» концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру.

Downloads

How to Cite

Kanashayeva, G. (2018). CONCEPT OF “KAZAKH YOUNG WOMEN” IN KAZAKH DASTAN AND POEMS. Journal of History, 89(2), 53–58. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-217

Issue

Section

Journal KazNU: History