STUDIES OF TSARIST RUSSIA ON FOLKLORE IN KAZAKHSTAN
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-214Abstract
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХХ-шы ғасырдың басында Патшалық Ресейдің отаршылдығы кезінде Қазақстанның мәдени өміріндегі үлкен өзгерістер болды. Ресейлік ғалымдар қазақ даласын зерттей бастады. Осы зерттеулерге қарағанда патшалық билік аймақты қатал түрде басқарған. Ресейдің алғашқы зерттеу миссиясы Қазақстанның батыс аймағында өтті, оны А.Б. Черкасский басқарды. Делегация этнография, генеалогия және фольклорды зерттеумен айналысып, аймақтағы халықтың әдет-ғұрыптарын зерттеумен айналысты. Кейінгі жылдары, С.У. Ремезов осыған байланысты, «Сібір мен оның ішінде өмір сүретін халықтардың анықтамасы» атты еңбегін жариялады. Қазақстанның батыс аймақтарынан бастап, Ертіс және
Зайсан, Тарбағатай мен Алатаудың жағалауларын кейінгі жылдары Ресейлік ғалымдар И.Т.
Бухгольц, С. Лихарев, И. Унховский делегациялары фольклорлық мәліметтерді жинады және
бірнеше жұмыстарды жариялады. Патшалық Ресейдің сонан соң Кеңес Одағының бастапқы
жылдарында Арал көлінің айналасындағы халықтарды зерттеуде А.Бекович-Черкасский үлкен
рөл атқарды. 1759 жылы Г. Миллердің «Сібір патшалығын танылуы» мен И. Фальк, П.Паллас
және И.Г. Георгидің қазақ халқының өнерін зерттеу барысында жергілікті халықты орыстандыру
әдістерін ойластырды.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторы құрылды, осылайша Ресей отаршылдық
саясатының түпкі мақсатына жетті. Осы кезеңде Орынбор, Омбы (Батыс-Сібір) және Ташкент
Империялық орыс география қоғамы құрылуда. Қоғамның этнографиялық саладағы зерттеулері
Патшалық Ресейдің әскери-отарлық саясатын идеологиялық-тәуелділік деңгейге көтереді. Осы
орайда П.П. Семенов Тянь-Шанский, П.К. Козлов, В.А. Обручев, Г.Н. Потанин, М.В. Певцов,
Н.М. Ядринцев және басқалардың еңбектерін атаған жөн.
Бұл зерттеуде Патшалық Ресейдің этнографиялық саладағы еңбектерін талдай отырып,
жергілікті халықтың орыстандыру бағытындағы тәсілдері зерделенеді. Бұл зерттеуде мұрағаттық
құжаттар мен ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылады. Сонымен қоса,
ресейлік ғалымдардың орыстандыру саясатын жүйелі түрде жүзеге асырығандығын дәлелдеуге
талпыныс жасалады. Себебі қазіргі Қазақстан тарихы ғылымында патшалық, кейінен Кеңес
өкіметі жылдарында этнографиялық зерттеулерде аталған мәселелер қарастырылмаған және
орыстандыру саясаты кешенді түрде зерттелген емес.