Болашақ пен бостандық жолында
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-187Abstract
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық саяси қозғалыстар, Алашорда үкіметінің қызметі және алаш қайраткері, дәрігер Есенғали Қасаболатовтың өмір жолы, жан кешті қызметі туралы тарихи деректер баяндалған. Қайраткердің Кеңес өкіметі тұсындағы қазақ медицинасын дамытуға қосқан үлесі, алайда кейін жазықсыз айыптау саясатының құрбанына айналғандығы туралы құжаттық мағлұматтар берілген. Сонымен бірге, ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси жағдайлар, Алашорда үкіметінің қызметі, Орынбордағы І және ІІ жалпықазақ съездері мен онда қарастырылған өзекті мәселелер, «Ақ жол» партиясының құрылуы, Кеңестер билігі тұсындағы медицина қызметкерлері, жазықсыз айыптаулар, қудалау саясаты, Е. Қасаболатовтың ұрпақтары, қайраткердің еңбектері сияқты мәселелер қарастырылған.