Жапонияның Орталық Азия елдеріндегі имиджінің қалыптасу алғышарттары

Authors

  • Zh. Ashinova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Kim Kyoung Hee Ханкук шет тілдер университеті, Оңтүстік Корея, Cеул

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-185
        55 32

Abstract

Бүгінгі таңда Орта Азия мемлекеттері өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналғаны баршаға мәлім. Әлемнің басқа да алпауыт мемлекеттерімен қатар Жапония да сыртқы саясатында осы аймаққа белгілі деңгейде қызығушылық танытып отырғаны белгілі. XXI ғ. басындағы экономикалық дағдарыстарға қарамастан, өнеркәсіп пен сауда, ғылым және техника салаларының көбісінде көшбасшы болып табылатын Жапония халықаралық күштер және әлемдік экономиканың орталығы болып табылады. Қазіргі кезеңде Жапония мен Орталық Азия елдері қарым-қатынастарының белсенді түрде даму қарқынын алғанын байқай аламыз. Жапонияның Орталық Азия елдері арасындағы беделі өте жоғары. Бұл мемлекеттер ішінде Жапония мұқтаж елдерге шынайы көмек көрсетуге тырысатын, бейбітшіл және ынтымақшыл ел ретінде оң имиджге ие. Бүгінгі күні Жапония Орталық Азия аймағының негізгі донорларының бірі болып табылады Бұл мақалада Орталық Азия мемлекеттеріндегі Жапония бейнесі және де мемлекет имиджінің қалыптасуына әсер еткен негізгі факторлар қарастырылады. Оның ішінде ДРК шеңберіндегі көмек және Жапонияның жұмсақ күші негізгі алғышарттар ретінде ерекше атап өтіледі.

Downloads

How to Cite

Ashinova, Z., & Hee, K. K. (2018). Жапонияның Орталық Азия елдеріндегі имиджінің қалыптасу алғышарттары. Journal of History, 88(1), 96–102. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-185

Issue

Section

Journal KazNU: History