Тарихты бейнелеу: «Кеңестік Қазақстан» киножурналы

Authors

  • John Clarke Букингем университеті
  • G. Seksenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-181
        52 32

Abstract

Қазіргі тарихнама кинохрониканы ХХ ғасырдағы мәдениеттің жеке өнімі және өзінің құқында маңызды тарихи дерек ретінде қарастырады. Кинохрониканың бейнелері шындық туралы біздің білімімізді біршама кеңейтуге көмектеседі және тіптен тарихтың өзінің табиғаты туралы түсінігіміздің өзгеруіне ықпал етеді. Кинохрониканың мазмұнын мұқият зерттеу, әрине, олардың тарихи деректердің тәуелсіз тобы ретіндегі құндылығын дәлелдейді. Талдаудың жаңа методын қолдануға тиісті мұндай зерттеу, ғылыми және қоғамдық білім берудің құралы ретінде, фильмді ендірумен байланысты бұған дейін аз зерттелген мәселелерді айқындауға көмектеседі. 1930 жылдардан 1990 жылдарға дейін кинохрониканың Қазақстан халқының көпшілігі үшін бұқаралық ақпарат болмағанын, сондықтан да олардың ХХ ғасырдағы әлеуметтік және мәдени өзгерістерді зерттеуімізге жақсы мүмкіндік беретінін баса көрсету маңызды. Өткеннің дерегі ретінде баға берудегі кинохрониканың шынайы маңызы енді ғана айқын бола бастады. Оларды тек дәстүрлі (жазбаша) деректерді ғана қолдануға тырысқан тарихшылар қазірге дейін көбінесе мойындамай келді. Іс жүзінде кинохрониканы зерттеу қоғам мен идеялар әлемінде болып жатқандарды және ешқашан да баспалық немесе жазба деректерден алуға болмайтындарды көбірек қамтуы мүмкін. Сол себепті, кинохроникаларды бағалау бұл кезеңдегі аса маңызды идеяларды айқындай алады.

Downloads

How to Cite

Clarke, J., & Seksenbayeva, G. (2018). Тарихты бейнелеу: «Кеңестік Қазақстан» киножурналы. Journal of History, 88(1), 62–70. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-181

Issue

Section

Journal KazNU: History