I International congress of archivists named "open society - open archive"
Abstract
2022 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті Халықаралық архивтер кеңесінің демеуімен «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты I Халықаралық архивистер Конгресін өткізді. Бұл – әлемнің 200 елінің архившілерін біріктіретін ЮНЕСКО ұйымының құрылымындағы Халықаралық архивтер кеңесі басшылығының қатысуымен ТМД шеңберіндегі алғашқы шара болды. Конгреске спикерлер ретінде отандық архившілер, зиялы қауым өкілдері және АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 15-ке жуық елдерінен жетекші ғалымдар, архив ісінің сарапшы мамандары қатысты. 18 қазанда Конгресс шеңберінде тарихиқұжаттық көрмелердің ашылуы болып өтті. Көрме «Абай», «Байқоныр», «Б. Момышұлы» метро станцияларында өтті. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған іс-шараға Қазақ ұлттық университетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессороқытушылар құрамы, осы кафедра дайындайтын «Сандық архивтану және құжаттану», «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысты. Конгресстің диспут сессиясы 19 қазанда ҚазҰУ-да жалғасып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың қатысуымен өтті. ҚазҰУ-дағы диспут-сессияның тақырыбы: «Архивтер, музейлер және кітапханалар: ұлттық жадты сақтау міндеттерінің бірлігінде білім беру траекториясын өзгерту» деп аталды. Диспут-сессия жұмысына қазақстандық мамандармен қатар шетелдік эксперттер, университетіміздің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастары қатысты. Құрметті қонақтар ретінде: Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының байланыс және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Сергей Карпов, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтер басқармасының директоры Угур Унал, Иордания Ұлттық кітапханасының бас директоры Нидал Ибрахим әл-Ахмад, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті құжаттаманы басқарудың автоматтандырылған жүйелері кафедрасының меңгерушісі Михаил Ларин қатысты. Сессия барысында ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтер басқармасының директоры Угур Уналға университетіміздің «Алтын медалін» тақты. 20 қазанда Конгресс аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.М.Атабаевты еске алуға арналған «Ұлттық деректанудың негізін қалаушы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция секцияларында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты А.Ғ. Толамисов, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің кафедра меңгерушісі Михаил Ларин, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Ж. Жақыпбеков баяндама жасады. Конгресс аясында қоғам үшін архивтік құжаттардың рөлі мен маңызын ашатын тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Пікір бөлісіп, тәжірибе алмасу форматында өткен диспутсессия барысында архив ісін дамыту, тарихиқұжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері, деректанудың жаңа бағыттары талқыланды