Чачылга рәсімі: Алтай дәстүрлі мәдениетіндегі қазіргі жерлеу және мемориалдық рәсімдер

Authors

  • Н. О. Тадышева «Scientific and Research Institute of Altaian Studies» n.a. S.S. Surazakov, Russia
        61 42

Abstract

Жерлеу-еске алу рәсімін дәстүрлі мәдениеттің ең консервативті және этникалық көрсеткіш аясы ретінде есептеу қабылданған. Дала материалдары көрсеткендей босану мен үйлену салттарына қарағанда Алтай республикасының дәстүрлі жерлеу салт-жоралары аз өзгеріске ұшыраған, сондықтан да оларда архаикалық: анимистикалық және тотемдік иедялар сақталған. Бүгінгі таңда жерлеу-мемориалдық рәсім кешенін сипаттау міндеті қойылмайды. Мақалада «чачылга» рәсімі өтпелі кезеңнің рәсімі ретінде қарастырылады. Алтай тұрғындары әлемнің дәстүрлі көрінісінде көрінетін және көрінбейтін тіршілік формаларының бір, бірақ көрінетін әлемдегі оқиғалардың әр уақытта көрінбейтін әлемнің (басқа) күштеріне тәуелді екендігін зерттеу көрсетіп отыр. Қазіргі жерлеу-мемориалдық салт-жоралардағы «чачылга» рәсімін нақты реттеу және міндетті түрде сақтау оның қасиеттілігін дәлелдейді. Егер жерлеу рәсімді дұрыс орындалмаған жағдайда, қайтыс болған адам қайғы-қасіретке ұшырайды, ол не өлгендер әлеміне ене алмайды және де сол жерде қалыптасқан қоғамға қосыла алмайды не тірілер әлемінде де қала алмайды. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында қайтыс болған кісі ата-бабасының әлеміне енуі үшін өтпелі рәсімдер жасалынады – бөліну және қосылу.

Downloads

How to Cite

Тадышева, Н. О. (2018). Чачылга рәсімі: Алтай дәстүрлі мәдениетіндегі қазіргі жерлеу және мемориалдық рәсімдер. Journal of History, 87(4), 13–19. Retrieved from https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/157

Issue

Section

Journal KazNU: History