Color and number symbols in the study of the worldview of the Turkic peoples

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.020
        102 324

Abstract

Адам өміріндегі кез келген ақпарат беретін түсінігі, қабылдауы негізінде пайда болған белгілер оның табиғаты мен дүниетанымына байланысты қалыптасады. Яғни, халық нанымынан хабар беретін мұндай таңбалар халықтың өмір сүрген ортасы мен салтына байланысты қалыптасып отырғанын байқауға болады. Ондай символдардың қатарына түр мен түс және сандық белгілерді жатқыза аламыз. Әлемде қай халықтың болмасын ғасырдан-ғасырға жалғасып отырған дәстүр-ғұрпында, мәдениеті мен сенімінде табиғи күштерді қабылдап, түсінуіне байланысты ерекшеліктері көрініс беріп отырады. Әрқайсысының өзіндік тарихы мен мәдениетінің өзгешеліктеріне қарай қабылдау ерекшеліктері де болатынын байқау қиын емес. Мысалы, қандай да бір түстің қабылдануы әр халықта әртүрлі, сондай-ақ қарама-қайшы түсініктерді білдіретін кездері де кездесетіндігін байқаймыз. Яғни, әр халықтың ертеден қалыптасқан түсінігі бойынша түс пен сандық пайымдауларында ұқсастықтармен қатар қарама-қарсы мағынада қабылдауларды көруімізге болады. Қалай десек те бұлардың барлығын сол халықтың тарихын, мәдениеті мен дүниетанымын зерттеуде көмекке келетін ақпарат, мәлімет, көмекші құрал деп қарастыруымыз керек. Сондықтан да кеңістік пен уақытты, табиғатты, сондай-ақ қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты көрсететін философиялық, логикалық категория қатарында саналатын түр-түс пен санды халықтың дүниені тану, табиғи құбылыстарды қабылдау, өмір сүрген ортасын, географиялық орналасуы мен табиғатын көрсетуде символдық көрсеткіш ретінде қарастыру маңызды

Downloads

How to Cite

Koshymova, A. (2022). Color and number symbols in the study of the worldview of the Turkic peoples. Journal of History, 106(3), 202–207. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.020

Issue

Section

Journal KazNU: History