ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі

Authors

  • T. Mekebayev Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,
  • Zh. Kumganbayev Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty,
        86 44

Abstract

Mақалада ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде патша өкіметіне қарсы саяси партиялардың бағдарламалары, іс-әрекеттері, жолдары, өздерінің көздеген мүдделері, зиялы қауым өкілдеріне тән өркениеттік деңгейдегі мәдениеттері қарастырылып, Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуына шолу жасалады. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан мұхтариятындағы зиялылардың ұлттық тәуелсіздікті сақтау жолындағы күресіне қатысты материалдардың мазмұны да талданады.
Мұстафа Шоқайдың Ресей қоластындағы Түркістан түркі халықтарының басын қосуды ойлап Тұтас Түркістан идеясын жүзеге асыруда саяси қызметі туралы айтылып, тәуелсіздік идеясы үшін күресінің келесі сатысы туралы біршама баяндалады. Түркістанның тәуелсіздігіне арналған іс-әрекеті туралы кейбір мәселелері өз еңбектерінен келтіріледі.
Патша үкіметі құлағаннан кейін бүкіл Ресейдегі секілді, Қазақстанда да қос үкімет орнап және сол кезеңде өлкеде орын алған ұлттық демократиялық Алаш партиясымен бір мезгілде өзіндік ұстанымы бар «Үш жүз» партиясы туралы қарастырылады. Кеңестік кезеңде Үш жүз партиясының ұстанымдарына басқаша тұрғыда пікір берсе, тәуелсіздік алғаннан кейін, партия басшыларының ой-пікірлеріне берген Отандық тарихшылардың тұжырымдамаларына тоқталып
өтеді. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы саяси ахуалға баға беру арқылы, түбі бір түркі
елдерінің басын қосуы тиіс болған бағыттар мен идеялар анықталады. Зерттеудің негізгі мақсаты
ұлт зиялы қауымы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесіндегі қызметі және
ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы іс-әрекеттеріне талдау жүргізу. ХХ ғасырдың басында
ұлт зиялылары қазақтың ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу
мүддесін ұсынуы мақалада жалпы қарастырылады.

Downloads

How to Cite

Mekebayev, T., & Kumganbayev, Z. (2017). ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі. Journal of History, 86(3), 92–98. Retrieved from https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/151

Issue

Section

Section 1 National history