Kazakh officialdom in the Semirechensk oblast in the context of R. Robinson's theory of collaboration
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.06Abstract
Бұл мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Жетісу облысында қалыптасқан қазақ шенеуніктігінің ерекшеліктері белгілі ағылшын тарихшысы Рональд Робинсонның «Коллаборация теориясы» контексінде қарастырылады. Мұрағаттық, халық ауыз әдебиеті және тарихнамалық материалдар негізінде осы теорияның ғылыми пайымдаулары кеңінен қарастырылып, олардың Жетісу облысының жергілікті басқару аппаратында көрініс табуы талданды. Жетісу облысының басқару жүйесінде патша өкіметіне қызмет еткен қазақ шенеуніктерінің қызметіне қатысты коллаборация теориясының жалпы заңдылықтары мен айырмашылықтары анықталды. Р. Робинсон келтірген дәлелдер мысалында жергілікті шенеуніктердің ынтымақтастық сипаты, марапатталу жүйесі және қазақ шенеуніктерінің жеке уәждері ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, осы мақаланың әдіснамалық негізін құрайтын салыстырмалы талдау мен жүйелілік, жалпы ғылыми және тарихи принциптер мәселенің өзектілігін арттырып, күрделілігін анықтады, сонымен қатар империяның отармен қарым-қатынасын зерттеудегі осы зерттеудің қолданбалы маңыздылығын атап өтті.
Мақала соңында алынған нәтижелер негізінде Жетісу облысындағы қазақ шенеуніктеріне қатысты коллаборация теориясының ғылыми пайымдарының қолданылу деңгейі анықталды.
Кілт сөздер: Коллаборация теориясы, қазақ шенеуніктігі, Жетісу облысы, қазақ шенеуніктері, шенеунік, шен, марапат.