Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы тәуелсіздік үшін жүргізген идеологиялық күресінің кейбір мәселелері
Аннотация
Мұстафа Шоқайдың Ресей қоластындағы Түркістан түркі халық
тарының басын қосуды ойлап Түркістан автономиясын құрғаны белгі
лі, бірақ большевиктер тарапынан автономияны күштеп құлатқаннан
кейін ұлт қайраткері большевиктерге қарсыласудың ерекше тәсілін,
яғни эмиграция жолын таңдайды. Мақалада жат жұртта аса ауыр
жағдайда жүріп Түркістанның тәуелсіздігі үшін ерен ерлік танытқан
Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы тәуелсіздік идеясы үшін күресі
нің келесі сатысы туралы айтылады. Эмиграцияда жүріп қолына қару
емес, қалам алып, баспасөз арқылы Түркістанның тәуелсіздігіне ар