ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҒЫЗДАРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ

Авторы

  • Ә. Тәжекеев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Ж. Султанжанов Кемерово мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-204
        96 92

Аннотация

Мақалада Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық сәулет ескерткіштері – мұнаралар жайлы баяндалады. Мұнаралардың сипаттамалары беріле отырып, олар туралы халық арасында сақталған аңыздар талданады. Бұл ескерткіштердің мерзімделуі және функционалдық мақсатын талқылау үшін С.П. Толстов, С.Г. Хмелницкий, Е.М. Байтенов, Б.А. Ибраев, М.Б. Қожа, Ж.К. Құрманқұлов пен Ә.Ә. Тәжекеевтің еңбектері пайдаланылды. Мұнаралардың 1946 жылы С.П. Толстов ашқан «батпақты қалалар» мәдениетінің контексінде қаралуы, мерзімделу мәселесін шешуде негізгі фактор болып отыр. Ұзынтам, Бегім ана және Сараман-қоса мұнаралары «батпақты қалалар» мәдениетінің құрамына кіретін оғыз кезеңінің қалашықтарымен (Кескен күйік қала, Күйік қала және Жанкент) сәйкестендіріліп ІХ-ХІ ғғ. мерзімделеді. Кешенді археолого-архитектуралық зерттеу жұмыстары жүргізілмегендіктен мұнаралардың функционалдық мақсатына байланысты сұрақ әлі ашық күйінде тұр.

Загрузки

Как цитировать

Тәжекеев, Ә., & Султанжанов, Ж. (2018). ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҒЫЗДАРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 88(1), 239–246. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-204

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая