ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ГУБЕРНАТОРЫ А. ГЕЙНСТІҢ НҰСҚАУЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH202511837Кілттік сөздер:
империя, басқару, уезд бастықтары, Уақытша нұсқаулық, Дәлелді нұсқаулық, Торғай облысы.Аннотация
Зерттеудің мақсаты – 1870-1890 жылдардағы Торғай облысында жергілікті басқару деңгейінде (уезд бастығы, болыс, ауыл старшыны) қабылданған және жүзеге асырылған нұсқаулар арқылы нақты басқару әдістерін анықтау. Зерттелген нұсқаулар отарлық шенеунік аппаратының XIX ғасырдың екінші жартысындағы реформаларды жүзеге асыруға қаншалықты бейімделгенін көрсетті. Зерттеу әдіснамасы болып жаңа империялық тарих тұжырымдамасы белгіленді. Зерттеу тарихи, объективтілік және жүйелілік принциптеріне негізделген. Нәтиже. Шекарасын шығысқа қарай кеңейте отырып, Ресей империясы сол Торғай облысының байырғы халқын «бүкілресейлік азаматтыққа» алуды мақсат етіп, іс қағаздарын жүргізуде орыс тілін кеңейтіп, болашақта бүкілресейлік заңдарға көшуді көздеді. Нұсқаулық құжаттарды талдау мемлекеттің қызметтік және патерналистік моделінің қандай да бір симбиозы бар екенін көрсетеді. Уезд бастықтарға өздеріне бағынған адамдардың игілігі үшін және олардың елеулі пайдасы үшін жұмыс істеуге, қазақтардың жеке және қоғамдық құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың тыныштығын қорғау тапсырылды. Сонымен бірге, болыс басшылары емес, керісінше уездік бастықтар уездің қожайыны болып, жергілікті халық арасында билікке ие болуы керек деген пікір айтылды.
