Этимологическое и историческое определение имени и псевдонима султана Бейбарса
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.11Аннотация
Бұл мақала қазақ жерінен шыққан Бейбарыс сұлтанның ғұмырнамалық дерегіне арналған. Ол ХІII ғасырда өмір сүрген, Мысыр мемлекетінде билік еткен сұлтанның ислам тарихындағы маңызды рөліне тоқталады. Мақала Бейбарыстың өмірі, билік етудегі реформалары, ғылымға қосқан үлесі жайлы мәліметтерді оның есімі мен лақап аттары аясында этимологиялық-тарихи әдіс арқылы түсіндіруімен ерекшеленеді. Сұлтан аз-Заһирдің ғұмырнамасы тарихи-биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы көрсетіледі.
Мақалада қазақ, орыс және араб авторларының көне және жаңа заманда ретроспективті зерттеу көмегімен жинақтаған кітаптары қамтылған. Бейбарыстың аты-жөні мен лақап аттарының, күниясының мағыналарына түсініктеме беріліп, ондағы көзқарастар плюрализмі де көрсетіледі. Сонымен қатар, Сұлтан аз-Заһирдің тұлғалық жетілуіне ықпал еткен қолбасшылар мен тәрбиешілер және ортағасырлық тарихи үдерісте маңызды орны бар ел билеушілері жайлы да деректер келтіріледі. Бейбарыстың билікке келмей тұрып жасаған ерліктеріне ерекше назар аударылады. Оның крест тағушылар мен моңғол шапқыншылығына төтеп берудегі қолбасшылық өнері баяндалады. Мақала оның не себеппен «Дін мен дүние тірегі», «Жеңімпаз сұлтан», «Жеңістердің әкесі» сынды мақтаулы лақап аттармен аталғанына жауап береді.
Кілт сөздер: Бейбарыс сұлтан, мәмлүк, Мысыр, дін, жорық, қыпшақ.