ЖЕТІШАҺАР МЕМЛЕКЕТІ МЕН ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНАН

Авторы

  • Г. Чаргынова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
        52 104

Аннотация

Мұрағат құжаттарының және жарияланған материалдар негізінде Жетішаһар мемлекеті мен Осман империясының өзара байланыстарына қатысты мәселелерді тұтастай қарастыру зерттеудің басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің методологиясы қоғамдық құбылыстағы даму мен өзгерісті өзара байланыс пен ықпалдастықта әрі оны барынша фактілерді толық жинастыра қарастыру мен талдауды талап ететін тарихилық, шынайылық және жанжақтылық принциптеріне негізделеді. Зерттеу барысында мәліметтерді жинастыру және оларды сұрыптау мен талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың 70-жылдары Жетішар мемлекеті мен Осман империясы арасында тығыз байланыс орнағаны дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған «Түркі халықтары тарихы пәні» бойынша оқу құралдарында нәтижелі түрде пайдалануға болады.
Зерттеу барысында мынандай тұжырымдар жасалды:
– Жетішаһар билеушісі Жақыпбек Түркиядан біршама көмек алды;
– Жақыпбек өзін Әбділазиз сұлтанның вассалы екенін мойындап, одан киелі саналатын қымбат сыйлықтар алды әрі өзін Портаға (түрік үкіметіне) тәуелсіз билеуші ретінде мойындатуға қол жеткізді.

Загрузки

Как цитировать

Чаргынова, Г. (2017). ЖЕТІШАҺАР МЕМЛЕКЕТІ МЕН ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНАН. Вестник КазНУ. Серия историческая, 86(3), 47–55. извлечено от https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/144

Выпуск

Раздел

Раздел 2 Всемирная история