Некоторые аспекты этнографических исследований в Казахстане в 1920-е годы

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.14
        70 132

Аннотация

Мақала көрсетілген кезеңдегі қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін зерттеудің ұйым- дастырушылық аспектілеріне арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты 1920 жылдары қазақ өлкесінде жүргізілген этнографиялық жұмыстың негізгі ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Мақаланы жазу үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қорларындағы материалдар пайдаланылды. Сондай-ақ, 1920 жылдары кезеңіндегі экспедициялардың нәтижесінде жазылған авторлардың мақалалары да басты назарда болды. 1920 жылдардың бас кезеңінде Қазақ КСР Ағарту халық комиссариатының деңгейінде қазақ ауылдарына этнографиялық экспедиция ұйымдастыру туралы мәселесі көтерілді. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде (Жетісу мен Шығыс Қазақстан) зерттеу жұмыстарын жасау мақсатында Кеңес Одағы Ғылым академиясының бірнеше жасақтан тұратын Қазақстан экспедициясы құрылды. Әр ұйымдастырылған эспедициялардың нәтижелері жинақ ретінде жарияланып отырған. Мақалада қазақ өлкесінің ХХ ғасырдың 20 жылдардағы екінші жартысы кезеңінде оңтүстік-шығыс, шығыс, сондай-ақ батыс (Маңғыстау) өңірлерінде жүргізілген экспедицияларға талдау жасалынды. Сондай-ақ, архивтік материалдар негізінде қазақ халық әндерін жинақтаған А. Затаевич пен Қазақ Республикасы Ағарту халық комиссариаты Ғылыми комиссиясының төрағасы болған А. Чулошниковтың ғылыми қызметі мен жасаған жұмыстарына қатысты тың деректер пайдаланылды.

Түйін сөздер:  Жетісу қазақтары, Адай уезі, дәстүрлі мәдениет, кеңес этнографтары,

этнографиялық экспедициялар, қазақтардың мәдениетін зерттеу.

Биография автора

A. Yermekbayeva, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Ph.D. doctor

Загрузки

Как цитировать

Smagulov, B., & Yermekbayeva, A. (2022). Некоторые аспекты этнографических исследований в Казахстане в 1920-е годы. Вестник КазНУ. Серия историческая, 104(№1), 125–134. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.14

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая