Уважаемые авторы!

2020-01-16
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ХАБАРШЫСЫ «ТАРИХ СЕРИЯСЫ» АВТОРЛАРЫНА  АРНАЛҒАН ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП   1 – Журналдың 1-ші санына әр жылдың 10 ақпанына; 2-ші санына – 10 сәуірге; 3-ші санына – 10 тамызға; 4-ші санына 10 қарашаға дейін мақалаларды сайтқа жүктеу жүргізіледі. 2 - Мақала көлемі 1 аралық, 12 шрифтпен жазылғанда 7-8 беттен кем емес. 3 – Үш тілде аннотация 150 сөзден кем емес. 4 – Авторлар туралы мәлімет, мақала аты үш тілде беріледі. Бірлескен авторлар рет санымен номерленеді.   ЕСКЕРТУ! Үш тілде мәлімет дәл осы үлгіде беріледі. Факультет, Кафедра жазылмайды.   Үлгі:    Т.Картаева1,   Г.Мейірманова 2 1 Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы. E-mail: kartaeva07@gmail.com 2 Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы. E-mail: meirmanovaga@gmail.com   5 – ҒТАХР / МРНТИ / IRSTI номерi мақала бағыты  мен тілі бойынша және әр автордың Orsid ID номері қойылу керек. Orsid номер гиперссылка етіп салынады. https://orcid.org/ номер алдында осы ссылка болу керек, Үлгі: Картаева Т. https://orcid.org/0000-0001-6180-4107   6 – Мақала кіріспе, әдістеме, ішкі тақырыптар, қорытынды, әдебиеттерге бөлінуі керек. 7 – Әдебиеттер номерленбей, алфавитпен беріледі (АРА стиль). Қазақ, орыс, т.б. тілдердегі әдебиеттер роман тілді латын қаріпіне ауыстырылып, тік жақша [] ішіне әдебиеттің ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі. – , // деген белгілер қойылмайды. Басылымның шыққан қаласы толық жазылады. М., Л., А., А-А., СПб. деп қысқартылмайды. 8 – Интернет сайтқа сілтеме берген жағдайда сайт, тақырып аты, қаралған күні көрсетіледі. 9 – Әдебиет саны сілтемеде 15 тен кем болмауы керек, соның ішінде 30% ағылшын тіліндегі әдебиеттерге сілтеме көрсетілуі керек.   Үлгі: Әдебиеттер Картаева Т. (2015). Шығыр қондырғысы және оның қолданыс аясы. ҚРҰҒА Хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. №1. 247-255 бб.   References Kartaeva Т. (2015). Shygyr kondirgisi zhane onyn koldanis aiyasy [Shyghyr - water-lifting device and its traditional use]. National Academy News of Sciences of the Republic of Kazakhstan. №1. pр. 247-255.   Сілтеме мақала ішінде келесідей беріледі: (Залесский, 1991: 25).  Бір автордың бір жылы шыққан екі кітабына сілтеме берілген кезде, жыл соңына  «а», «б» деп белгіленеді: (Саду, 2001а: 15), (Саду, 2001б, 22).   10 - Мақала ақысы 1 беті  – 500 теңге. Төлем Банк арқылы төмендегі есепке төленеді.   БИН 990 140 001154 КБЕ 16 АҚ"АТФ банк" ИИК KZ67826A1KZTD2020693 БИК ALMNKZKA   Хабаршы  поштасы: tarihhabarshy@gmail.com. Жауапты хатшы: Картаева Т. – 87017390359; Техникалық хатшы: Дүйсембекова Ж. – 87781116379.   Редакция адресі: ҚРБжҒМ "ƏЛ-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" Индекс 050040 Алматы қ, Əл-Фараби даңғылы, 71. Тарих, археология және этнология факультеті, 4-5 каб.     ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТУ!!! Әдістемелік бөлім жазылмаған мақалалар қабылданбайды. Ағылшын тіліндегі әдебиетке сілтеме жасамаған мақалалар қабылданбайды. Қолма қол төлем алынбайды. Жеке пошта және журнал поштасы арқылы мақала қабылданбайды. Мақала Сайтқа http://journal.kaznu.kz/ (Тарих сериясына) жүктеледі. Сайтқа тіркемеген мақалалар қаралмайды. Сайт арқылы антиплагиатқа тексеріледі. DOI номер алынады. Мақала авторлары сайтқа мақала жүктегенде рецензент ретінде де тіркелуі қажет.