МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

  • Б. Түлкиева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Аннотация

Мақала XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметіне арналады. Ораз Қиқымұлы Жандосов тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиялық аймақта атағы кеңінен белгілі болған, ірі мемлекет және қоғам қайраткері болды. Ораз Жандосов талантты мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен бірге дарынды сөз шебері және публицист, Қазақстан мен Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өмірінің зерттеушісі, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелер бойынша керемет білгір адам болды. Ораз Жандосов 1920-1930 жж. Қазақстанның халық ағарту және мәдениет саласындағы комиссары болып жұмыс істеді. Ол бірінші Қазақ мемлекеттік университетінің, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлігі институттарының ашылуларына зор еңбек сіңірді. Ораз Жандосовтың тағы бір айналысқан мәселесі, Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі – Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу мәселесі, тарихи демографияның мәселелері, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері, 20-30 жылдардағы қазақ ауылдары мен елді мекендеріндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайының жекелеген аспектілері болды. Ораз Жандосов 1920-шы жылдардың бас кезіндегі жер-су реформасын дайындау мен жүзеге асыру, бұқаралық шаруалар ұйымдарының («Қырғыз кедей шаруалары мен батрактарының одағы», «Қосшы» одағының» т.б.) құрылуы мен нығаюына, Жетісу облысында ұлтаралық қатынастарды, ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуде зор еңбек сіңірді.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
ТҮЛКИЕВА, Б.. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОРАЗ ЖАНДОСОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 183-188, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/196>. Дата доступа: 20 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая