Еуразия даласында тараған екі дөңгелекті арбалар кешені (археологиялық материалдар негізінде)

Авторы

  • Терекбаева Ж.М. Терекбаева Ж.М.

Аннотация

Мақалада Еуразия даласында мекендеген көне тайпалардың тұрмысы мен шаруашылығында етене енген арбалардың құрылымы, олардың қарқынды дамуы, қайнар көзі мен тарихы жөніндегі мәселелер қарастырылады. Арба – біздің түсінігімізше атқа, өгізге, есекке жегілген екі дөңгелекті көлік, сонымен қатар иесінің әлеуметтік мәртебесін анықтауда, соғыс барысында, аңшылықта, спорттық іс-шараларда, ғұрыптық салт-жоралғыларда пайдаланады. Ежелгі үндіевропалықтардың мифологиялық түсініктерінде екі дөңгелекті арбаның ағаш күпшегі күнмен байланыстырылады. Көбінесе көне халықтардың дүниетанымында екі дөңгелекті арбалар о дүниемен байланыстырылып қарастырылады. Атқа жегілген арба сол заманның ұшқыр көлігі және мәңгілік айналу циклдарын көрсететін күнмен байланысы бар. Сонымен қатар арбалардың қоғамдағы қызметі әскери және ғұрыптық салт-жоралғылар сипатында ғана ие болды

Опубликован

2020-04-10

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая

Как цитировать

Еуразия даласында тараған екі дөңгелекті арбалар кешені (археологиялық материалдар негізінде). (2020). Вестник КазНУ. Серия историческая, 80(1), 232-236. https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/371