ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АСПЕКТІЛЕР

Авторы

  • Н. Абдурахманов Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • Қ. Шекербеков Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-249
        105 123

Аннотация

Халқымыздың талайлы тарихында артында өшпейтіндей із қалдырған бітімі бөлек биік тұлғалар аз болмаған. Жүсіпбек Аймауытұлы да солардың қатарындағы абзал жан. Жазушы, ағартушы һәм ғалым. Жалпы Жүсіпбек мұрасын қарастырғанда оның ағартушылық қызметін саяси қайраткерлігінен бөле-жаруға әсте болмайды деген ойдамыз. Өйткені ол бар болмысымен ұстаз адам, саналы ғұмырын қазақ педагогикасының қалыптасып дамуына басыбүтін арнаған біртуар азамат. Ал Жүсіпбектің өмірі мен қызметі, есімі мен еңбегі кешегі күнге дейін елеусіз қалғанымен, тәуелсіздіктің ширек ғасырында бұл олқылықтың орны біртіндеп толып келеді, яғни Ж. Аймауытұлының өмірін жан-жақты зерттеу қазіргі заманда өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қарастырылып отырған мақаламыздың негізгі мақсаты кеңестік кезеңдегі шығармашыл интеллигенцияның жарқын өкілдерінің бірі болған Жүсіпбектей жампоздың тек ағартушылық қызметіне, осы бағыттағы еңбектеріне ғана хал-қадерімізше сараптама беру. Өйткені бұл салада әлі де бізге беймәлім, тыңғылықты іздену мен ерекше еңбекті, аса мұқияттылықты қажет ететін іс көп. Қалай дегенде де біз бүгінде қысқа ғұмырлы қайраткердің алуан қыры толық ашылып бітті деген байламға бара алмаймыз. Қойылған мақсатқа жету барысында тарихилық әдіске басымдылық берілді. Сонымен қатар, Ж. Аймауытұлының ағартушылық еңбектерінпе баға беру үшін салыстыру, индукция және сараптау әдістері пайдаланылса, зерттеудің тұжырымын жасауда автор жалпы тарихи-тұлғалық әдіске жүгінді.

Загрузки

Как цитировать

Абдурахманов, Н., & Шекербеков, Қ. (2018). ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АСПЕКТІЛЕР. Вестник КазНУ. Серия историческая, 89(2), 297–305. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-249

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая