ТҮРКІСТАН, ДАЛА ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҒЫНДА ҚҰРЫЛҒАН МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫНАН (1879-1917 жылдар)

Авторы

  • С. Сайфулмаликова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Ә. Садықова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-245
        84 158

Аннотация

Мақалада Түркістан мұғалімдер семинариясы (1879), Орскі-Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883), Семей мұғалімдер семинариясы (1903), Ақтөбе ерлер мұғалімдер семинариясы (1913), Орал мұғалімдер семинариясы (1913), Верный мұғалімдер семинариясы (1913), Ақмола мұғалімдер семинариясы (1916) және семинария жанынан ашылған үлгілі училищелердің құрылуы мен қалыптасу тарихы баяндалады. Семинарияға қатысты қабылданған Ережелер, әрбір мұғалімдер семинариясының өзіндік ерекшеліктері, семинарияда оқытылған пәндердің түрлері мен оған қатысты талаптар, шәкірттердің ұлттық, діни құрамы, тәлімгерлер мен попечительдер және олардың міндеттері, шәкірттердің үлгерім деңгейі, шәкірт ақының түрлері, кітап қорлары, семинариядағы тәрбие жұмыстары, семинарияны бітірген шәкірттер туралы да көрсетіледі.

Загрузки

Как цитировать

Сайфулмаликова, С., & Садықова, Ә. (2018). ТҮРКІСТАН, ДАЛА ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҒЫНДА ҚҰРЫЛҒАН МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫНАН (1879-1917 жылдар). Вестник КазНУ. Серия историческая, 89(2), 263–275. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-245

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая