ТӘУЕКЕЛ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ 1590-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘУЕРЕННАХРҒА ЖОРЫҚТАРЫ

Авторы

  • Б. Б. Кәрібаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-231
        124 268

Аннотация

Автор мақаласында XVI ғасырдың соңғы жылдарындағы Қазақ хандығы мен Мауереннахрдағы шайбанилық әулет арасындағы қарым-қатынастар мәселесін қарастырады. Бұл қарым-қатынастардың негізгі өзегіне – Түркістан аймағы үшін күрестер жатты. Мақалада автор сол күрестердің тарихына шолу жасай келе, Тәуекел хан тұсында да оның жалғасқанын, Тәуекел ханның шайбанилық билеуші II Абдулла ханмен күресу үшін Мәскеу патшасына елші жібергенін, қазақ елшісі Мәскеуде Иран елшілерімен байланыс жасап, Аббас шах адамдарымен Тәуекел хан адамдары арасында қатынас орнатқанын деректерге сүйене отыра зерттейді. Тіпті Мауереннахрға қарсы күресте Қазақ хандығы мен Иран арасында әскери одақ құрылуы мүмкін деген болжам білдіреді. Тәуекел хан жорығының нәтижелі болуының себептеріне ханның жеке басындағы қасиеттері, қазақ қоғамындағы бірлікті жатқызады. Осы жорық нәтижесінде Түркістан аймағы Қазақ хандығының құрамына түпкілікті енеді.

Загрузки

Как цитировать

Кәрібаев, Б. Б. (2018). ТӘУЕКЕЛ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ 1590-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘУЕРЕННАХРҒА ЖОРЫҚТАРЫ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 89(2), 152–158. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-231

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая