ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторы

  • Б. Қалшабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Бейсегулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-192
        63 89

Аннотация

Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қандастарымыздың дәстүрлі мәдениетіндегі кейбір этникалық иденттілік мәселелерін айқындау. Міндеті – қарастырылып отырған аумақтағы қазақтардың қоныстануындағы мәселелер, олардың қоныстарындағы орналасу ерекшеліктері, олардың орналасуына орай өмір сүру тәсілі, кәсібі, дәстүрлі мәдениетіндегі кейбір этникалық иденттілікті (сәйкестілікті) көрсету, салыстыру, сипаттау.
Зерттеудің әдістемесі этникалық иденттілік мәселелерін талдау және мәселені кешенді және жүйелі қарастыруға мүмкіндік беретін примордиалистік бағыттағы концепцияларға сүйенеді. Примордиализм концепциясы бойынша өзін белгілі бір этнос тегіне жатқызу генетикалық кодта берілген деген тұжырымға сүйене отырып, Түркиядағы қандастарымыздың этникалық иденттілігінің (сәйкестілігі) негізінде дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен ерекшеліктері мәселесін қарастырамыз. Зерттеу жалпы ғылыми тарихи қағидаға, жүйелілікке, салыстырмалы және экспериментальды талдауға негізделеді. Тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде Түркия қазақтарының этникалық иденттілігі (сәйкестілігі) қарастырылады. Түркиядағы қандастарымыздың өмір сүру тәсілінің өзгерістеріне ықпал еткен факторлар анықталады.

Загрузки

Как цитировать

Қалшабаева, Б., & Бейсегулова, А. (2018). ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 88(1), 153–160. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-192

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая