ОСВЕЩЕНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НАРОДНОГО КОМИССАРИАТА ПРОСВЕЩЕНИЯ НА СТРАНИЦАХ «ЕҢБЕКШІ(Л) ҚАЗАҚ»
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.07Аннотация
ХХ ғасырдың 20-40 жж. аралығында Қазақстанда орын алған мемлекеттік және мәдени құрылысты жүзеге асыруда маңызды функцияларды атқарған мемлекеттік орган – Ағарту Халық Комиссариаты болды. Ағарту Халық Комиссариаты – 1920 жылдың 26 тамызындағы Кеңестердің Бүкілодақтық Атқару Комитеттері мен Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы Декреті негізінде 1920 жылдың 12 қазанында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің І съезі қарары нәтижесінде құрылды. Қызмет аясы – білім беру, оқу жүйесін қалыптастыру, халық арасындағы сауатсыздықты жою, мәдениет саласын дамыту бағытында жүргізілген бұл мемлекеттік органның іс-әрекеті қоғам тарапынан да, билік тарапынан да басты назарда тұрды.
Бұл арада, Ағарту Халық Комиссариатының жұмысын насихаттап, халық назарына ұсыну жұмыстарын жүзеге асырған – «Еңбекші(л) қазақ» газетінің орнын ерекше атап өтуге болады. Газет жалпы халық пен басқарушы тап арасында байланыс орнату және неғұрлым көп халықты мемлекеттік құрылыс жұмыстарына тарту мақсатында да қыруар жұмыстар атқарды.
Мақала Ағарту Халық Комиссариатының атқарған іс-әрекеттері мен жұмыстары, жалпы Комиссариаттың қысқа тарихы мен «Еңбекші(л) қазақ» газетінің мемлекеттік істерді насихаттау жұмыстарын аталмыш Комиссариат мысалында зерттеуге арналады.