XIX Ғ. АЯҒЫ – XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ДАМУЫ

Авторы

  • A. Исаева Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті
  • A. Қалыш әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-232

Аннотация

Ресей испериясының түрлі аймақтарын, оның ішінде революцияға дейінгі Қазақстанды көпшілікке таныту ісінде 1898-1914 жж. В.П. Семенов редакциясымен және Иператорлық Орыс Географиялық қоғамының (ИОГҚ) вице-төрағасы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің және профессор, ОГҚ этнография бөлімінің төрағасы В.И. Ламанскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты 19 томдық басылымның алар орны ерекше. Бұл басылымның XVIII-томы «Қырғыз аймағы» (1903 ж.), оның ішінде Дала генерал-губернаторлығының Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына; XIX-томы «Түркістан аймағы» (1913 ж.) Памир және Түркістан генерал-губернаторлығының Әмудария бөлімімен бірге Сырдария, Зерафшан, Ферғана облыстарына арналған, басылымға жауапты В.И. Масальский болды. Қазақстанның жергiлiктi өлкелерiн зерттеуде осындай құндылық еңбектердің қатарына – көп томдық «Қырғыздардың (қазақтардың) жер йелену бойынша мәліметтері» жатады. Аталмыш басылымдардың дайындалуы мен басылып шығарылуына ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің әйгілі ғалымдары ат салысты. Оларда да тек фауна мен флораға қатысты мәліметтер ғана беріліп қоймай, сонымен қатар қалалар, бекіністер, жергілікті көрікті жерлер мен табиғи байлықтар, темір жолдар, пошта таситын даңғыл жолдар, станциялар жайлы маңызды географиялық және тарихи-өлкетанулық мәліметтер беріліп, арақашықтығына дейін көрсетілген. Аса зор қызығушылық тудыратыны – ең алдымен қазақтардың шаруашылығына, санына, этникалық және ру-тайпалық құрамына, тұрғылықты және келімсек славян және еуропалық халықтардың күнделікті тұрмысына, өмір салтына, рухани және материалдық мәдениетіне, кәсібіне қатысты этнографиялық мәліметтер. Бұл басылымдарда басқалары сияқты мәтін арасында және жеке парақтарда кәсіби түрде орындалған көрнекіліктермен жабдықталған, әр томның соңында сипатталып отырған аймақтардың бүктемелі картасы бар.

Загрузки

Опубликован

2018-07-20

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая