«ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ» АШЫЛУ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Авторы

  • М. Бахтыбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Аннотация

Мақалада ХIX ғ. соңында Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшесі В.В. Каллаур және фин-угор экспедициясы Талас өзенінің жоғарғы ағысында, Айыртамой, Құлансай мен Терексай шатқалдарында ашқан көне түркі жазуларының зерттелу тарихы қарастырылады.
Талас өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан көне түркі жазба ескерткіштері соңғы жүз жыл бойы ғалымдардың назарынан тыс қалмай, жинақталған материалдарын сараптай отырып, зерттеулер жалғасуда. Олардың қатарында, академик В.В. Радлов, П.М. Милиоранский, Ю. Немет, Х.Н. Оркун, С.Е. Малов, П.П. Иванов, Н.Н. Поппе, Ч. Джумагулов, Ғ. Айдаров, А.С. Аманжолов, А. Есенқұлов, М. Жолдасбеков, Н. Базылхан, Т. Досанов, Н.А. Баскаков, Л.Р. Кызласов, И.В. Кормушин, И.А. Батманов, В. Левшиц, С.Г. Кляшторный, Э.Р. Тенишев және т.б.
Айыртамой шатқалындағы эпитафиялық жазулар, Құлансай мен Терексай шатқалдарындағы соғды әліппесімен жазылған көне түркі жазуларының мерзімдеу мәселесі бойынша зерттеушілер бірнеше пікірлер ұсынып отыр.

Загрузки

Опубликован

2018-01-24

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая