ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР: ТІЗІМДЕЛУ, ЗЕРТТЕЛУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ

  • Е. Тургунбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • M. Суюндикова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Аннотация

Мақалада Қызылорда облысында орналасқан тарихи мәдени ескерткіштерді тізімдеу, қорғау, сақтау, насихаттау, зерттеу және қайта қалпына келтіру мәселелері қарастырылған. Ескерткіштерді қорғау мәселесі Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы және одан туындайтын қағидалар негізінде сарапталды. Зерттеу барысында Қызылорда облысында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштердің жалпы тізімі Қызылорда қаласымен жеті ауданға бөлінген. Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабад ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба барысы Жент, Асанас, Сортөбе қалашықтарының алдағы уақытта зерттелу мәселесі де қарастырылды. Сонымен қатар облыс көлеміндегі 2004-2017 жылдар аралығындағы реставрация жүргізілген ескерткіштердің тізімі көрсетілген. Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, насихаттау, қорғау және пайдалану мәселелері бойынша облыс әкімдігі жанынан 2013 жылы құрылған ғылыми-әдістемелік Кеңестің бүгінгі таңдағы атқарып отырған жұмыс нәтижелері жайлы айтылады.
Опубликована
2018-07-20
Как цитировать
ТУРГУНБАЕВ, Е.; СУЮНДИКОВА, M.. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР: ТІЗІМДЕЛУ, ЗЕРТТЕЛУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ. Journal of history, [S.l.], v. 2, n. 89, p. 306-313, july 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/250>. Дата доступа: 20 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая