П. ХВОРОСТАНСКИЙ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

  • Ж. Е. Жаппасов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Н. А. Тасилова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Ғ. З. Искакова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Аннотация

Бұл мақалада «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» Қазақстан тарихының маңызды дерек көзі ретінде қарастырылады.Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» статистикалық мәліметтерден жинақталған 27 томнан тұрады, ол қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін зерттеудің маңызды дерек көзі болып табылады. Деректерде жинақталған ақпараттар уникалды. Ең алдымен маңызды фактілердің, тарих, этнография, география, топонимика, демография және т.б. мәселелерге қатысты құнды мәліметтердің бір деректе шоғырлануы. Сондықтан да бүгінгі таңда бұл деректі деректанулық талдау мәселесіне деген қызығушылық артып отыр.Онда қазақ тарихының маңызды дерек көзі болып табылатын «Қырғыздардың жер пайдалану материалдарын...» зерттеу мен талдау методикалары мен тәсілдері көрсетіліп, деректану ғылымының талаптарына сай зерттеу мен сыннын өткізудің, сыныптау мен талдаудың әдістері мен оны нақты тарихи зерттеулерде пайдалану тәсілдері ұсынылған. Сонымен қатар статистикалық зерттеулерді ұйымдастырған, деректі құрастырған авторлар, олардың көзқарастары талданған.
Опубликована
2018-07-20
Как цитировать
ЖАППАСОВ, Ж. Е.; ТАСИЛОВА, Н. А.; ИСКАКОВА, Ғ. З.. П. ХВОРОСТАНСКИЙ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ. Journal of history, [S.l.], v. 2, n. 89, p. 289-296, july 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/248>. Дата доступа: 20 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая