КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  • Е. Пазилов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Аннотация

Мақалада Кентау қаласының кеңестік кезеңдегі демографиялық дамуы күнделікті өмір тарихы концепциясы тұрғысынан баяндалады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қала халқының жастық-жыныстық және ұлттық құрамына талдау жасалынады. Кентау қаласының демографиялық құрылымының қалыптасуы және халық санының артуына сыртқы миграциялық факторлар мен табиғи өсім қарқынының әсері қарастырылады. Мақалада Кентау қаласының демографиялық дамуын екі кезеңге бөліп қарастырады. 1941-1955 жылдардың аралығын қамтитын алғашқы кезеңінде – қаланың негізгі тұрғындарын сталиндік қуғын-сүргін жылдары жер аударылған халықтар мен арзан жұмыс күші ретінде әкелінген соғыс тұтқындары құрағаны анықталды. 1956-1991 жылдардың аралығындағы екінші кезеңінде – қала халқының құрамын өндіріс орындарына сырттан шақырылған мамандар мен тұрғындардың табиғи өсімі толықтырды.Зерттеу мақаламызда анықталғандай, қала халқының санының көбеюі мен азаю үдерістері, қалатүзуші кәсіпорынның еңбек ресурстарына деген сұранысына тікелей тәуелді болды. Қала халқының саны мемлекеттік арнайы жоспарлау органдары арқылы қатаң бақыланып отырған. Сондай-ақ, Кентау қаласы халқының басым бөлігін жер аударылған және өндіріске жалданып жұмыс істеуге келген, елдің түкпір-түкпірінен жиналған «уақытша тұрғындар» құраған. 1990 жылдардың басында қалатүзуші кәсіпорын тоқырауға ұшырап, тоқтап қалғанда, осы «уақытша тұрғындардың» тарихи отандарына жаппай көшуінен демографиялық дағдарыстың туындағаны анықталды.
Опубликована
2018-07-20
Как цитировать
ПАЗИЛОВ, Е.. КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Journal of history, [S.l.], v. 2, n. 89, p. 254-262, july 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/244>. Дата доступа: 20 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая