ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҒЫЗДАРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ

  • Ә. Тәжекеев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Ж. Султанжанов Кемерово мемлекеттік университеті

Аннотация

Мақалада Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық сәулет ескерткіштері – мұнаралар жайлы баяндалады. Мұнаралардың сипаттамалары беріле отырып, олар туралы халық арасында сақталған аңыздар талданады. Бұл ескерткіштердің мерзімделуі және функционалдық мақсатын талқылау үшін С.П. Толстов, С.Г. Хмелницкий, Е.М. Байтенов, Б.А. Ибраев, М.Б. Қожа, Ж.К. Құрманқұлов пен Ә.Ә. Тәжекеевтің еңбектері пайдаланылды. Мұнаралардың 1946 жылы С.П. Толстов ашқан «батпақты қалалар» мәдениетінің контексінде қаралуы, мерзімделу мәселесін шешуде негізгі фактор болып отыр. Ұзынтам, Бегім ана және Сараман-қоса мұнаралары «батпақты қалалар» мәдениетінің құрамына кіретін оғыз кезеңінің қалашықтарымен (Кескен күйік қала, Күйік қала және Жанкент) сәйкестендіріліп ІХ-ХІ ғғ. мерзімделеді. Кешенді археолого-архитектуралық зерттеу жұмыстары жүргізілмегендіктен мұнаралардың функционалдық мақсатына байланысты сұрақ әлі ашық күйінде тұр.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
ТӘЖЕКЕЕВ, Ә.; СУЛТАНЖАНОВ, Ж.. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОҒЫЗДАРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 239-246, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/204>. Дата доступа: 19 june 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая