ЖЕТІАСАР МӘДЕНИЕТІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҚОРҒАНЫС ҚҰРЫЛЫСТАРЫ

  • С. Билалов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Мақалада автор Сырдың төменгі ағысында орналасқан ерте-ортағасырлық Жетіасар мәдениеті қалаларының типологиясы мен фортификациясына сипаттама жасап, өз тарапынан олардың жаңа типологиялық классификациясын ұсынады. Жетіасар қалалары – Сырдарияның көне ортағасырлық арнасы Қуаңдария бойында, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жетіасар шатқалында б.з.д. ІІ – б.з. VІІІ ғғ. аралығында тіршілік еткен, қаңлы мәдениетінен қалған. Жетіасар мәдениеті туралы алғашқы деректер б.з.д. ІІ ғ. қытай жылнамаларында Сыма Цянның «Батыс елдеріне саяхат» еңбегінде ұшырасады. Ескерткіштерді заманауи ғылыми зерттеулер 1946 жылы Сыр өңіріне Хорезм археологиялық этнографиялық экспедициясының келуімен басталады. 1990 жылдарға дейін созылған археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары ондаған қалашықтар мен мыңнан аса жерлеу орындарын қамтыды. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелерді салыстыра отырып, ізденуші Жетіасар қалашықтарының тіршілік еткен соңғы кезеңінде олардың құрылыс салу әдістерінің өзгеруін түркі тайпаларының ықпалынан болғанын көрсетуге тырысады.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
БИЛАЛОВ, С.. ЖЕТІАСАР МӘДЕНИЕТІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҚОРҒАНЫС ҚҰРЫЛЫСТАРЫ. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 228-238, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/203>. Дата доступа: 20 june 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая