ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторы

  • Е. Исибаева Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-197

Аннотация

Мақалада автор қазақ әдет-ғұрып құқығын жандандырудың өзекті мәселелері қарастырылған. Бүгiнгi таңда қайта жаңданып жатқан «әдет-ғұрып құқығы институтының» нышандары мен көрiнiстерiне ғылыми талдау жасалынып, бұл құбылыстың алдыңғы уақытта қалай дамуының әдiстерi мен жолдары көрсетiлдi; Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді. Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік әдет-ғұрыпқа негізделген дәстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эволюциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет.

Загрузки

Опубликован

2018-05-17

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая