АХЫСКА ТҮРІКТЕРІНІҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

Авторы

  • Х. Тұрсұн Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • И. Омаралиев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-195

Аннотация

Мақалада ахыска деген атпен танылған түркі тілді ұлттың қалыптасу тарихы мен әкімшілік-территориялық аумағының орнығуы баяндалады. Ахыска тарихындағы кеңестік кезеңдегі саяси-мәдени дамуы және тоталитарлық билік тарапынан бастан кешірген ауыр ахуалының тарихы деректік негізде талданады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Грузияның Ахыска-Месхетия аймағынан Орта Азия мен Қазақстанға заңсыз депортацияланған ахыска түріктерінің әлеуметтік-демографиялық жағдайына шолу жасалады. Қазіргі кезде ахыскалықтар өздерінің тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап, дамытуға мүмкіндік алғандығы Қазақстандағы ұлт саясатының нәтижесі ретінде бағаланады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының көпэтносты байланыстар мен ынтымақтастықты қалыптастыру міндеттерін іске асырудағы ахыска түріктерінің орны айқындалады.

Загрузки

Опубликован

2018-05-17

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая