ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Б. Қалшабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Бейсегулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қандастарымыздың дәстүрлі мәдениетіндегі кейбір этникалық иденттілік мәселелерін айқындау. Міндеті – қарастырылып отырған аумақтағы қазақтардың қоныстануындағы мәселелер, олардың қоныстарындағы орналасу ерекшеліктері, олардың орналасуына орай өмір сүру тәсілі, кәсібі, дәстүрлі мәдениетіндегі кейбір этникалық иденттілікті (сәйкестілікті) көрсету, салыстыру, сипаттау.Зерттеудің әдістемесі этникалық иденттілік мәселелерін талдау және мәселені кешенді және жүйелі қарастыруға мүмкіндік беретін примордиалистік бағыттағы концепцияларға сүйенеді. Примордиализм концепциясы бойынша өзін белгілі бір этнос тегіне жатқызу генетикалық кодта берілген деген тұжырымға сүйене отырып, Түркиядағы қандастарымыздың этникалық иденттілігінің (сәйкестілігі) негізінде дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен ерекшеліктері мәселесін қарастырамыз. Зерттеу жалпы ғылыми тарихи қағидаға, жүйелілікке, салыстырмалы және экспериментальды талдауға негізделеді. Тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде Түркия қазақтарының этникалық иденттілігі (сәйкестілігі) қарастырылады. Түркиядағы қандастарымыздың өмір сүру тәсілінің өзгерістеріне ықпал еткен факторлар анықталады.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
ҚАЛШАБАЕВА, Б.; БЕЙСЕГУЛОВА, А.. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 153-160, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/192>. Дата доступа: 17 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая