XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

  • О. Х. Мұхатова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Мақалада Ұлы Дала елінің темір жолдарының бастаулары туралы айтылады. Тәуелсіз мемлекеттің экономикасын дамытуға өз үлесін қосатын болат жолдың өткенін талдаудың өзектілігіне назар аударылады. Мәселе эволюционизм теориясының, өркениеттілік бағытының және тарихилық принципі ауқымында қарастырылады. Бұл ұстаным темір жолды салуға қатысты түрлі пікірлерді, шығарылған шешімдерді балама тұжырымдар ретінде қарастыруға жол ашады. Зерттеудің нақты, салыстырмалы талдау, жүйелеу, салыстыру, хронологиялық, ретроспективті әдістері өлкедегі екінші темір жолды салудың бастауларын, салынуын, ұтымды тұстарын, тарихи маңызын көрсетуге мүмкіндік тудырған. Түркістан аймағын Ресейдің еуропалық бөлігімен байланыстырған Орынбор-Ташкент темір жолын жол құрылысы және оның отарлау саясатындағы орны мен рөлі баяндалады. Закаспийский темір жолының келеңсіз тұстары айқындалады. Темір жол магистралін салудағы пікір-таластар және ұсынылған бағыттар қарастырылады. Орынбор-Ташкент немесе Александров Гай бағытын таңдаудың тиімділігі төңірегіндегі көзқарастар талданады. Темір жолдың салынуы, бекеттері, ұзындығы, метрополия үшін маңызы көрсетіледі.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
МҰХАТОВА, О. Х.. XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 136-143, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/190>. Дата доступа: 20 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая