ШЫҒАЙ ХАН

  • Б. К. Карибаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Автор бұл мақаласында XVI ғасырдың 80-ші жылдарының басында Қазақ хандығын билеген Шығай ханның өмірі мен билік құрған жылдарында жүргізген саясаты мәселелерін қарастырады. Ортағасырлық парсы, шағатай деректеріндегі мәліметтер мен зерттеулердегі тарихнамалық материалдарға сүйеніп, автор Шығай ханның тарихи болмысын анықтауға тырысады. Шығай ханның шығу тегіне, өмірінің сұлтандық кезеңінде Хақназар ханмен, Жалым сұлтанмен бірге Қазақ хандығының қайта өрлеу үдерісі мен қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу барысына қосқан үлесіне талдау жасалынады. Мақалада Шығай ханның билікке келу жолы арнайы талданады. Сондай-ақ автор Шығай ханның билік құрған жылдарында жүргізген саясаты мен оның Бұхара билеушісіне кетуінің себептері арнайы қарастырылады. Осы мәселе жөніндегі бұрын айтылған кейбір тұжырымдарға жаңаша қарап, автор оған қатысты өзіндік ойларын білдіреді.
Опубликована
2018-05-17
Как цитировать
КАРИБАЕВ, Б. К.. ШЫҒАЙ ХАН. Journal of history, [S.l.], v. 1, n. 88, p. 128-135, may 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/189>. Дата доступа: 17 aug. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая