ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ СЕНІМДЕРІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

  • А. Т. Толеубаев КазНУ имени аль-Фараби

Аннотация

Мақалада қазақтың көне сенімдері ұлтымыздың руханиятының негізі ретінде қарастырылады. Ұлтымыздың болмысын құрайтын салт-дәстүрлеріміздің тамыры сонау көне наным-сенімдерден бастау алады. Қазақ даласына ислам діні таралғанға дейінгі Қазақ түсінігінде, ырым-салттарында Жер, Көк аспан, Ай, Күн, жұлдыздар ерекше орын алды. Әсіресе, бірқұдайлық мәнге ие болған, Көк аспанмен астасып-байланысып жатқан Көк Тәңірі ұғымы және соған байланысты наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар өте көп болды. Бір Тәңірі туралы дүниетаным, түсінік-сенімдер кейіннен мұсылман дініндегі Алла, Құдай ұғымымен алмастырылды. Исламның біздің жерге таралған Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы халықтық дәстүрлерге құрметпен қарайтын, көнбістеу, иліккіш бағыт болды. Жалпы, ислам діні алғашқыда басқа жұрттарды өзінің дініне күшпен, соғыспен ғана қаратқан жоқ, сонымен қатар, өзінің икем-иілгіштігінің және өте сындарлы идеологиясы мен саясатының арқасында жаулап алды.
Опубликована
2018-01-24
Как цитировать
ТОЛЕУБАЕВ, А. Т.. ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ СЕНІМДЕРІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ. Journal of history, [S.l.], v. 4, n. 87, p. 4-8, jan. 2018. ISSN 1563-0269. Доступно на: <http://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/155>. Дата доступа: 19 feb. 2018
Раздел
Вестник КазНУ: Серия историческая